Популярные темы

«Резонанс болды». Қазақстандық қыз TikTok-те қазақ зиялыларының шығармашылығын танытып жүр 21 декабря 2021, 13:23

Дата: 21 декабря 2021 в 13:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

19 жастағы Ақерке бүгінде TikTok-тегі трендтер арқылы қазақ зиялыларының шығармашылығы мен өмірін жастарға таныстырып жүр. Есімі ғана белгілі Ақерке аноним қалсам дейді. Tengrinews.kz тілшісі Ақеркемен сөйлесіп, қазақ әдебиетін жастарға таныстырудың ерекше жолы туралы сөйлесті.  

Айта кетейік, Ақеркенің TikTok-тегі парақшасының ерекшелігі — ол жастарға желідегі тренд арқылы қазақ зиялыларының шығармалары, олардың өмірінде болған түрлі оқиғаны түсіндіруінде. Мысалы төмендегі видео Ақселеу Сейдімбектің «Бейпіл сөздер» атты кітабы туралы. 

@qazaqlit

я вернулся

♬ without me — -tpwk

Ақерке неліктен желіде аноним жүретінін түсіндірді. 

«Себебі ата-анам танымал, халық алдында жүрген кісілер. Маған сөз келсе, ол кісілерге де сөз келе ме деп ойлаймын. Мүмкіндігінше аноним қалсам деймін», — дейді ол. 

Ақеркенің негізгі мамандығы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Бүгінде фильм, кинорежиссура мамандығы бойынша білім алып жатыр.

«Менің мақсатым — қазақ әдебиетін алып жүру, бірақ көбі Қазақстан тарихы деп түсінеді. Ата-анамның арқасында жетінші сыныптан бастап әдебиетке деген қызығушылығым оянды. Сол кезден бастап қазақ тілі грамматикасы, қазақ әдебиетін зерттей бастадым. Одан бөлек, бүгінде оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ-ға дайындап жүрмін. Арманым қазақ романдарын театрға шығарғым келеді. Жақында әкем екеуіміз «Абайдың ұлы жұмбағы» деген пьесаны бірге жұмыс істеп шығарған болатынбыз», — дейді Ақерке. 

@qazaqlit

сам пошутил, сам посмеялся

♬ оригинальный звук — Home kino official

Ақеркенің TikTok-та парақша ашып, жүргізе бастағанына жарты ай ғана болған. Осы уақыт аралығында оның парақшасына 20 мыңға жуық адам жазылған. 

«Парақша ашу бұрыннан ойымда жүрген. Жарты айда 3,5 миллион қаралым жиналды, 20 мыңға жуық оқырман жиналды», — дейді ол. 

@qazaqlit

pov: сен Гүлбаһрамсың ##qazaq##literature

♬ original sound — Jervaris

Ақерке жасаған видеосы үшін сын естіген кезі де болған. Оның айтуынша, видео желіде резонанс тудырып жіберген. Бүгінде ол видео 1,5 миллион қаралым жинаған. 

«Бірде жазушы Мұхтар Әуезовтің төрт әйелі туралы видео салған болатынмын. Ол үлкен резонанс тудырды. Көбі маған жазушының жеке өмірін сынауға құқығым жоғын айтып жатты. Бірақ мен Әуезовтің жеке өмірін сынаған жоқпын. Тек бар нәрсені халыққа көрсеттім. Оның бәрі дәлелденген деректер. Өз басым ол ақпаратты жазушының қызы Мұғалима Әуезованың жазбаларынан алдым. Бірақ көп адам түсінбеген сияқты», — деп түсіндірді Ақерке. 

@qazaqlit

у меня все еще диссонанс по поводу заслуг Ауезова…

♬ оригинальный звук — Blood

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями