Стоковые изображения от Depositphotos
Тіршілік атаулының қайта түлеп, жаңаша кейіпке енетін көктем мезгілі шаруаға да қолайлы кезең. Осы кезеңде табиғаттың тірі байлығын қорғаудың да маңыздылығы арта түсетіні шын. Әсіресе су айдындарында балық аулаушылардың қарасы көбейетіні де осы уақыт. Біреу балықты бас пайдасы үшін ауласа, енді бірі әуесқойлықпен суға қармақ салады. Дей тұрғанмен, заңсыз балық аулаудың зардабы көп екенін екінің бірі ескере бермейді, деп хабарлайды Arnapress.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер рейдтік іс-шара жүргізу барысында балық аулап келе жатқан браконьерді ұстады. Браконьердің жүргізіп келе жатқан «Тойота камри» маркалы автокөлігін тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 97-дана сазан балығын айғақты зат ретінде алды. Полиция қызметкерлері күдіктіні істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді.
Тергеу барысында анықталғандай күдікті бұған дейін де балық аулап, мейрамханаларға өткізіп жүргендігі белгілі болды.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер заң аясында жауапқа тартылады.
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Подписывайтесь на Telegram-канал Arnapress.kz: t.me/arnapressnews
По сообщению сайта Arna Press