Популярные темы

Еуропада рождестволық жәрмеңкелерде үнемдеу шараларын қолға алды

Дата: 28 ноября 2022 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Еуропада рождестволық жәрмеңкелерде үнемдеу шараларын қолға алды
Стоковые изображения от Depositphotos

Еуропада рождестволық жәрмеңкелер басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz «Хабар 24«-ке сілтеме жасап. 

Көп елде коронавирусқа байланысты жәрмеңке 2 жыл бойы өтпеді. Сондықтан да болар, бұл жолы шараға келген кісі қарасы қалың. Бірақ биыл Кәрі Құрлықта энергетикалық дағдарыс өршіп тұр. Сондықтан жәрмеңкелерде үнемдеу шараларын қолға алуға тура келді. Мәселен, шыршаны бірнеше сағатқа ғана жағады. Не болмаса электр қуатын аз тұтыну үшін жарық диодтары қолданылып жатыр. 

Либор Вотруба, Рождестволық жәрмеңке ұйымдастырушысы:

«Бізге биыл үнемдеуге тура келеді. Өйткені расымен шығын көп. Мәселен, шыршаны жағу үшін күніне 4 еуро кетеді. Жәрмеңкедегі жарықтандыру жүйесіне күн сайын 41 еуро жұмсалады. Сондықтан жарықдиодты технологияларды қолданып, үнемдеуге көштік»,− деді Вотруба.

Фото: бейнебаяннан скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями