Популярные темы

Семейде Абай облысы әкімінің шырша мерекесі өтті

Дата: 26 декабря 2022 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде Абай облысы әкімінің шырша мерекесі өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

25 желтоқсан күні Семейде Абай облысы әкімінің шырша мерекесі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәстүрлі мерекелік шараға 150 бала қатысты. Оның ішінде — балалар үйлерінің тәрбиеленушісі, үздік оқушылар, зияткерлік және спорттық олимпиадалардың жеңімпаздары, көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар.

«Шырша мерекесінде балаларға жаңажылдық сыйлықтар табысталды. Айта кейтейік, бұл мереке Балалар жылымен тұспа-тұс келді», – деп хабарлайды Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, балалар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, театр ұжымдары жаңа жылдық қойылымдарын ұсынды.

Фото: Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями