Популярные темы

Шымкентте фитнес-клубтың бассейніне 4 жасар бала батып кетті

Дата: 30 января 2023 в 21:58


Шымкентте фитнес-клубтың бассейніне 4 жасар бала батып кетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Шымкенттегі фитнес-клубтардың біріндегі бассейнде 4 жасар бала батып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық ТЖД-не сілтеме жасап.

Жедел медициналық қызметтен 29 қаңтарда сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға Тұран ауданының 8 шағын ауданында, Үркімбаев көшесінде «KASIET» фитнес-клубында болған. Балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м.ені 5 м.) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

ӘР БАЛА БІЛУІ КЕРЕК ЕРЕЖЕЛЕР
Бассейнде жүзу қызықты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуы үшін, қауіпті сәттер мен жарақаттар болмауы үшін әр бала қауіпсіздіктің негізгі ережелерін білуі керек және оларды міндетті түрде орындауы керек.
Міне олардың ең негізгілері:

МАҢЫЗДЫ!:
Балалардың судағы қауіпсіздігіне қойылатын ең маңызды талап-оларды ешқашан ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз! Әрқашан сақ болыңыз! Балаларды бассейн аумағында және ішінде өзін дұрыс ұстауға үйретіңіз!

Фото: shymkent_tjd

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями