Стоковые изображения от Depositphotos
Дзюдодан Парижде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Әйгерім Әбілқадырова спортқа жат әрекетімен көзге түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
52 келі салмақта сынға түскен Әйгерім бірінші айналымда бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жіберіп алды. Ол дзюдода өте қиын саналатын қылғындыру әдісіне түсіп қалған.
«Әйгерім ауыртатын әдіске түсіп, шамасы, бельгиялықты тістеп алған сияқты. Бұл Париждегі «Үлкен дулыға» турнирінде болды», — деп жазды «Спорт Шредингера» Telegram арнасы.
Айта кетсек, Айгерім Әбілқадырова дзюдодан 11 дүркін Қазақстан чемпионы және грепплингтен Азия, әлем чемпионы атанған. Жарақатына байланысты спорттан үзіліс алып, «Мисс Еуропа» атағын иеленген. Қазір ол ел чемпионатында жеңіске жетіп, ұлттық құрамаға қайта оралды.
Фото: https://weproject.media
По сообщению сайта Arna Press