Популярные темы

ШҚО тұрғыны 2,5 миллион теңге мен 40 келі бал ұрлады

Дата: 15 февраля 2023 в 20:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО тұрғыны 2,5 миллион теңге мен 40 келі бал ұрлады
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақсу ауылының 53 жастағы тұрғыны Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген. Ер адам белгісіз біреу есікті бұзып, оның үйіне кіріп, оның шкафта сақтаған шамамен 2 500 000 теңгесін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақшалай қаражаттан бөлек ұры үйден смартфонды, салмағы 40 кг бал құтысы мен ас үй пышағын алып шыққан.

«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстай алған . Ол бұрын сотталған ауданның 26 жастағы тұрғыны болып шыққан, оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік  мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген ресми ақпаратта  

Кінәсін мойындаған жағдайда, қаскөйді екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Фото: cont.ws

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями