Популярные темы

Бас әскери прокуратура: жыныстық зорлық-зомбылық дерегі расталмады

Дата: 21 февраля 2023 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бас әскери прокуратура: жыныстық зорлық-зомбылық дерегі расталмады
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.

«Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған. Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды. Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды», — деп жазылған ресми ақпаратта.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылықты ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Сурет: dzen.ru

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями