Стоковые изображения от Depositphotos
26 ақпан күні «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңда Қазақстанның 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтары «жастар» болып танылады деген норма бар еді.
Осылайша, жастардың жасы 29-дан 35-ке дейін ұлғайтылды. Бұл өз кезегінде жастардың үлесін 3,7 миллионнан 6 миллион адамға дейін өсірді.
Заңнамадағы жастардың жасы ұлғаюы қазақстандықтарға мемлекеттен қолдау алуға және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Заң сонымен қатар мына ұғымдарды енгізеді:
«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға мемлекет басшысы 2022 жылғы 26 желтоқсанда қол қойды.
Сурет: freepik
По сообщению сайта Arna Press