Популярные темы

Пара алғаны үшін «Алматы жылу желілерінің» бас директоры және бірнеше қызметкері сотталды

Дата: 13 марта 2023 в 18:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Пара алғаны үшін
Стоковые изображения от Depositphotos

«Алматы жылу желілерінің» бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды. Олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін:

«Алматы жылу желілері» бас директоры К. Бейсенбиновке 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға;

АЖЖ бас инженері Д. Қазымбетов 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға;

АЖЖ Күрделі құрылыс басқармасының бастығы С. Джингильбаев 560 млн. теңге көлеміндегі айыппұлға;

Пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» ЖШС директоры Б. Разимбеков 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды.

Сондай Агенттік бұл адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылғанын мәлімдеді.

 

«Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңгені құрады, бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

АЖЖ лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б. Разимбековтен 16 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сурет: freepik

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Алматы
Поделитесь новостью с друзьями