Стоковые изображения от Depositphotos
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел жете тексеру барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.
Жедел қызметкерлер Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін егжей-тегжейлі айқындады. Есірткі тобының мүшелері оларды анықтауда қиындық тудырған қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдарымен және GPS-пен жабдықталған шағын жылдам жүретін кемелерді пайдаланғаны туралы айта кету керек.
2023 жылғы 26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.
Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілді. Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылды.
Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 кг-дан астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылды.
Осы іс бойынша материал СТБТ-да тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара іс-қимылда жүргізілуде.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press