Стоковые изображения от Depositphotos
2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентаудағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы — 4 шаршы метр.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.
Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өрт сағат 22.11-де ауыздықталып, сағат 22.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатыр.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press