Популярные темы

Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын 10 жылға сотталды

Дата: 02 апреля 2023 в 17:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын 10 жылға сотталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақшаны қолдан жасаған адам 10 жыл сотталды

Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын 10 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.

«Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Э. деген азаматқа қатысты жалған 9 300 АҚШ долларын өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айрылды», — деді ол.

ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, шетел валютасын немесе ондағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтаумен айналысқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша жазаланады.

Заң бұзушы жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай мүлкі тәркіленеді немесе 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями