Популярные темы

Семейде алқабилер екі баланың әкесін өлтірген адамды кінәлі деп тапты

Дата: 25 апреля 2023 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде алқабилер екі баланың әкесін өлтірген адамды кінәлі деп тапты
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында алқабилер сотының қатысумен алғашқы айыптау үкімі шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын бұл оқиға халықтың аузынан түспеген. Үржар ауданының тұрғыны 2 баланың әкесі болған жас кәсіпкердің қайтыс болуында кінәлі деп танылды.

Дауыс берушілердің бірауыздан бұзақылық ниетпен, атыс қаруын қолдана отыра, адам өлтіру бойынша кінәлі деп шешім шығарды. Қайғылы оқиғаға себеп болған, жол үстіндегі келеңсіз жағдай.  

2023 жылы 19 сәуірде Абай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен А. есімді Үржар ауылының тұрғыны 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енбеген, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, жыл басынан бері аса ауыр қылмыстық істер сотталушылардың өтініші негізінде алқа билердің қатысумен қаралуы мүмкін. Бұл жағдайда алқа билеріне сот шешімін қабылдау кезінде үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Үкімді қарапайым азаматтар ар-ождан мен әделеттілікті басшылыққа ала отырып қабылдайды.

Аталған өзгерістер халықтың соттарға деген сенімін арттыруға, сот төрелігін жүзеге асыру рәсіміне азаматтық қоғамның қатысуын жандандыруға, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сурет: kaztag.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями