Стоковые изображения от Depositphotos
Өскеменде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы елорда тұрғыны ұсталған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Норкокурьерді ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері облыс прокуратурасымен бірлесіп қолға түсірді. Ол іс-қимыл жасасуда тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілді қолданумен таратқан. Нақты айтқана «тауарды» танымал мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы сатқан.
Полицейлер ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғанын анықтады. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып отырған.
«Тінту іс — шараларын жүргізу барысында оның жалдамалы пәтерінде жалпы салмағы 500 грамнан асатын психотроптық заттар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», делінген хабарламада.
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press