Популярные темы

Кореяда қазақстандық қыздар жолдағы әрекеті үшін жазалануы мүмкін

Дата: 29 мая 2023 в 16:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Кореяда қазақстандық қыздар жолдағы әрекеті үшін жазалануы мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

27 мамырда оңтүстіккореялық Инчхон қаласында полиция Қазақстанның 39 жастағы азаматын бөлімшеге шақырды. Ол жергілікті жол жүру ережесін өрескел бұзған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сілтеме жасап.

Herald басылымының ақпараты бойынша «А» есімді азамат 24 мамырда 18:15-те Инчхон қаласының жолдарының бірінде K5 автокөлігін өте қауіпті деңгейде жүргізген.

Желіде жарияланған видеода қазақстандық қыздар 27 жастағы «Б» және 22 жастағы «С» есімді қыздар көліктің артқы бөлігіндегі терезелерден шығып, қолын көтерген», — дейді оңтүстіккореялық полицейлер.

Қазақстандық жігітке қатысты тергеу шаралары басталған.

«Полиция тергеуі нәтижесінде жүргізуші қыздардан олай істемеуін өтінгенгенін және бұл қауіпті екенін айтқан». 27 жастағы қыз жағдайды былай түсіндірді: «Ол мезетте мен бақытты едім, себебі менің Кореядағы құрбым босанды. Мен барлығы дұрыс деп ойладым, өйткені біздің елде мұндаймен мәселе жоқ», — деп жазады басылым қазақстандықтардың сөзін.

Полиция қазақстандық қыздарға қатысты «қосымша тергеу» жүргізетіні белгілі болды.

«Егер олардың әрекеті заңбұзушылық ретінде танылса, «Киа» жолаушыларына айыппұл салынуы мүмкін», — деп жазады Herald.

Сурет: heraldcorp.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями