Стоковые изображения от Depositphotos
Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Демалыс күнін 2023 жылға ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден демалыс күні 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстырылды.
Осылайша, Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press