Популярные темы

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп, алаяққа ұрынды

Дата: 02 июня 2023 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп, алаяққа ұрынды
Стоковые изображения от Depositphotos

«ANTI-FRAUD» Жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Семей қ. Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды.

Белгілі болғандай, 22 жастағы студент танымал әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін қаскөйге тапсырыс беріп, 22 000 теңге төлем жасаған, алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен.

«Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақша беріп, кінәсін мойындады. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК — нің 190-бабы 2-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями