Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысында ауыр науқаспын деген желеумен таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
26 мамыр күні Семей қаласы ПБ орталық полиция бөліміне облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны жүгініп, бейтаныс адамның алдау және сенімін асыра пайдаланып, қаржылық мәселелерді шешемін деген сылтауымен 2 млн теңгесін иемденгенін айтты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде істің мән-жайын анықтау үшін жедел уәкілдер қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтап ПБ-ға жеткізді.
Жауап алу барысында жәбірленуші күдіктінің өтініші бойынша қаржылық мәселелерін шешу үшін банктен несие алып беруді өтінгені анықталды.
Күдіктіге қатысты 21 жастағы студент арыз жазған. Арызданушының айтуынша, олар ағымдағы жылдың наурыз айында танысып, біршама уақыттан соң, сеніміне кірген ол ауыр дертке шалдыққанын жеткізіп, ем үшін оған қымбат дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаржылық көмек сұраған. Өз кезегінде қаражатты бір апта ішінде қайтарамын деп уәде еткен.
Танысына көмектесуді шешкен 21 жастағы студент өз атына жалпы сомасы 449 мың теңгеге онлайн несие ресімдеп, 22 жастағы танысының қолына берген. Уақыт өте келе жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінуді шешкен.
– Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің осындай 21 дерекке қатыстылығы анықталды. Келтірілген жалпы залал сомасы 21 млн теңгені құрайды. Жауап алу кезінде ұсталған адам қаражатты криптовалюта сатып алу үшін алғанын мойындады, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Абай облысы полиция департаменті азаматтарға сыйақы үшін күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттілігін және белгісіз адамдарға ақша мен мүлікті бермеуді ескертеді.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press