Популярные темы

Абай облысындағы орман өртінде қаза болған қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Дата: 11 июня 2023 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысындағы орман өртінде қаза болған қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің суреттерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 маусымда сағат 22:00-де «Семей Орманы» МОТР Жаңашүлбі филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілді. 9 маусымда күні сағат 13:00-де бізге үш адамның өлі табылғаны туралы хабар жетті... Біз бір ғажайып болады деп үміттенген едік, бірақ ол болмады. Бүгін жоғалған 11 адамның мәйіті табылды», — деп жазды министр.

Министр қаза тапқан 14 қызметкердің суреттерін жариялады.

Орман өртіне байланысты ҚК 292 бабы 3 бөлігі  «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бойынша сотқа дейінгі тергеу баталды.

Қазіргі уақытта Абай облысында 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 290-нан астам бірлік техника жұмылдырылған.

Өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет су төгілді, жалпы көлемі  1 000-нан астам тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ, жағдай бақылауда тұр, деп хабарлады ТЖМ.

Сурет: ТЖМ, Экология министрлігі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями