Стоковые изображения от Depositphotos
Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.
Сурет: aqorda_resmi
По сообщению сайта Arna Press