Стоковые изображения от Depositphotos
29 мамыр күні Бесқарағай ауданының полиция бөліміне 47 жастағы Бөдене ауылының тұрғыны жүгініп, 18-20 мамыр аралығында Бөдене ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан еркін жайылымнан белгісіз адамдар жасырын жылқысын ұрлап, сойып алды деп шағымданды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Келтірілген залал 700 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Курчатов қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, жауап алу барысында ол кінәсін мойындаған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы-1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Облыстық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, малды қараусыз қалдырмауды және заңнама талап еткендей мал жаюды ұйымдастыру қажеттілігін ескертеді.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press