Стоковые изображения от Depositphotos
Қалалық әкімдік семейліктерді бұқаралық спортпен айналысуға шақырады, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Ашық аспан астында йога, Crossfit, Zumba сынды спорт түрлері мен би билеуге мүмкіндік бар. Барлығы тегін, делінген әкімдіктің хабарламасында.
«Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары! Салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын спортпен баулу мақсатында Сіздерді «Баршаға арналған Спорт» спорттық-бұқаралық іс-шарасына қатысуға шақырамыз. Іс-шара қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне үйретуге бағытталған. Мысалы, йога, Crossfit, Zumba, жүгіру, скандинавиялық серуендеу. Осы спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді. Іс-шаралар 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін 3 (үш) ай бойы ашық кеңістікте өткізіледі. Өткізу орындары: — Ертіс өзенінің жағалауы (оң жағалау); — М. Әуезов атындағы алаң; — «Бейбітшілік» аралының Денсаулық жолы; — Орталық демалыс саябағы; — «Абай жолы» аллеясы, М. Әуезов даңғылы. Спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізу Семей қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылады».
Сурет: gov.kz
По сообщению сайта Arna Press