Стоковые изображения от Depositphotos
3 шілдеде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек 1 шілдеден бастап шетелдік көліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің ресми өкілінің сөзінше, Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, 23 қаңтардан бастап елімізге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастырды.
«1 шілдеде заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылды, осы кезеңде 196 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды», деп айтты Шұғыла Тұрлыбек.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press