Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысы әкімінің грант иегерлерінің тізімі 20 тамызда білім басқармасының сайтында жарияланады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім беру грантын иеленетін үміткерлерге тағайындалатын жеңілдіктер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген жеңілдіктер негізінде жүзеге асады. Конкурсқа қатысу үшін үміткер кемінде 70 балл жинауы тиіс. Құжаттарды жоғары оқу орындары қабылдайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі: өтініш; білімі туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) — түпнұсқа; жеке куәлігінің көшірмесі; 075/У үлгісіндегі анықтама; тест нәтижесі көрсетілген сертификат; 3*4 фотосурет – 4 дана)
Облыстың еңбек нарығында жоғары білімі бар кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік тапсырыс негізінде 200 орын көзделген, білім беру грантының 190 орны – педагогикалық, экономикалық, техникалық, құрылыс, медициналық, ауыл шаруашылығы және IT мамандықтарына арналған.
Бұдан бөлек, теологтар мен дефектологтардың қажеттілігіне байланысты 10 білім грант бөлінді Гранттар туралы толық ақпарат білім басқармасының ресми сайтында орналастырылған.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын (әкім грантын) беру конкурсына қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 5-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Осы жылдың 19 тамызында конкурстық комиссияның отырысы өтіп, сонда грант иегерлері анықталады.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press