Популярные темы

Жылжымайтын мүлік иелері салық төлеуге міндетті

Дата: 19 сентября 2023 в 15:47


Жылжымайтын мүлік иелері салық төлеуге міндетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Мүлік салығын төлейтін уақыт 2 қазанда аяқталады. Демек, Қазақстан аумағында пәтер, үй, ғимарат, көлік қоятын орын, жер телімі және т.б. жылжымайтын мүлкі бар кез келген азамат ел қазынасына ақша құюға тиіс.

Алматы қаласындағы Мемлекеттік кірістер басқармасы заң бойынша төлем жасау мерзімі 1 қазан күні аяқталатынын хабарлады. Бірақ ол демалыс күнге келетіндіктен, 2 қазанда есеп айырысуға болады.

Мүлік салығы туралы ақпаратты мыналар арқылы алуға мүмкіндік бар:
— коммуналды қызмет түбіртегі,
— eGov.kz порталындағы жеке кабинет,
— e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы.

Сонымен қатар Kaspi Bank пен Халық банк қосымшасын орнатқандарға төлем туралы хабарлама жолданды.

Салық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы «Алдағы төлемдер» сервисінің көмегімен де білуге болады.
Бұл салық түрі жылына бір рет сұралады. Уақытылы төлемеген жағдайда, қарыз үстіне өсімпұл қосылады.

Мүлік салығы: қашан төлеу керек

По сообщению сайта Крыша

Поделитесь новостью с друзьями