Стоковые изображения от Depositphotos
Елімізде алкогольсіз сусындар өндірісі былтырмен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мысалы, 2023 жылғы қаңтар-тамызда минералды және газдалған қантсыз және хош иістендірілмеген су өндірісі 493,4 млн литр болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,2% артық. Басқа алкогольсіз сусындар өндірісінің көлемі 1,7 млрд литр болып, бір жылда 7,5% өсті.
Биыл тамыз айының соңында алкогольсіз сусындар айына 1%, минералды және ауыз су 1,4% қымбаттады. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын тамыз айында алкогольсіз сусындар айына 2,7%, минералды және ауыз су 3,9% қымбаттаған. Биыл алкогольсіз сусындар бағасының ай сайынғы айтарлықтай өсуі наурызда (3,3%), минералды және ауыз суға маусымда (2,4%) байқалды.
«Жылдың тамыз айының соңында, яғни 2022 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда алкогольсіз сусындар 22,7% қымбаттады. Бір жыл бұрынғы өсім 23,3% болды. Қазақстанда газдалған сусындар орта есеппен 21,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсуі Ақмола (33,1%), Қызылорда (29,6%) және Ақтөбе (27,7%) облыстарында байқалды. Газдалмаған сусындар бірден 26,6% қымбаттады. Қазақстан өңірлерінде бағаның айтарлықтай өсуі Батыс Қазақстан (70,6%), Ақмола (48%) және Атырау (47,4%) облыстарында байқалды», — делінген Energyprom.kz хабарламасында.
Минералды және ауыз су бағасы бір жылда 21,1% (бір жыл бұрын 27,2%) өсті. Оның ішінде ауыз су 20,5%, минералды су 21,5% қымбаттады. Қазақстан аймақтарында ауызсу бағасының айтарлықтай өсуі Ақмола (35,4%) және Ақтөбе (33,4%) облыстарында, сонымен қатар Астанада (26,7%) байқалды. Минералды су бағасының ең көп өсуі Батыс Қазақстан (49,7%), Павлодар (42,9%) және Қызылорда (28,7%) облыстарында байқалды.
Сурет: pexels
По сообщению сайта Arna Press