Стоковые изображения от Depositphotos
Әлеуметтік желіде Мұхтар Әуезов атындағы орта білім мектебінің асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінде құрты бар фото таралып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ботқаның ішінде тірі жеміс құрты табылды. Әкімшілік, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және ата-аналар қауымының өкілі жедел тексеріске шыққан болатын. Оның қорытындысы бойынша ботқа дайындалған жарманың бұзылмағаны анықталды. Ботқа да жаңадан пісірілген еді», — деп жауап берді М.Әуезов атындағы орта білім мектебі.
Бұл жағдайды облыстық білім беру басқармасы тіркеп, бақылауға алды, деп жазды Рavlodarnews.kz. Сондай-ақ, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолдайды.
Сурет: vseobovsem_pvl
По сообщению сайта Arna Press