Популярные темы

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қандай активтері Қазақстанға өтеді

Дата: 31 октября 2023 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

31 қазанда өткен үкімет брифингінде Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қандай активтері Қазақстанға берілуі мүмкін деген сұраққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әңгіме Қазақстандағы АМТ активтерінің толық спектрі – бұл болат, көмір және руда бөлімдері. Сондай-ақ әлеуетті мәміленің периметрі Ақтау қаласындағы құбыр зауытын қамтиды. Яғни Қазақстандағы АМТ толық активтері», — деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Қанат Шарлапаев «АрселорМитал Теміртау» АҚ (АМТ) инвесторын ауыстыруға бюджеттен жұмсалатын шығындар туралы айтқан болатын.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями