Популярные темы

Толық емес отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар

Дата: 07 ноября 2023 в 11:37


Толық емес отбасыларға арналған мемлекеттік бағдарламалар
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда толық емес отбасылар қалай жеңілдікпен пәтер алатынын түсіндіреміз.

Әлеуметтік осал топтағы толық емес отбасыларға әкімдік мерзімін ұзарту құқығымен үш жылға пәтер жалға береді. Ол қатысушының отбасы мүшелеріне мұрагерлік жолмен өтеді.

Алайда мұндай мүлікті сатуға, кепілге қоюға, айырбастауға болмайды. Коммуналды төлемдерді қоспағанда, айына шамамен 10-15 мың теңге төлеу керек.

Кемшілігі — кезекте 10 жыл тұруыңыз мүмкін.

Баспана кезегінде тұрған қоғамның әлеуметтік осал топтары үшін арнайы «5-10-20» (бұрынғы «Шаңырақ») бағдарламасы іске қосылған.

Бұл бағдарлама бойынша Отбасы банк несие рәсімдейді. Биыл табыс көлемі мен қарыздың ең көп сомасына қатысты шектеулер күшін жойды.

Өтінімді otbasybank.kz сайты арқылы береді. Үміткер тек өзі тұратын өңірдегі белгілі бір нысаннан үй таңдай алады, бірақ ол үшін ғимарат құрылысы аяқталып, қолданысқа берілуі керек. Қатысушылар құрылыс барысын өздері бақылап отыруға тиіс.

Кемшілігі — көп отбасы үшін 5 %-дың өзі тым көп, бастапқы жарнасына ақша жинау тіпті қиын. Ал тұрғын үй сертификатынан бұл категория жиі шет қалады. Өйткені әкімдік көбінесе көп балалы, жетім, мүгедектігі бар азаматтарға басымдық береді.

По сообщению сайта Крыша

Поделитесь новостью с друзьями