Стоковые изображения от Depositphotos
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 172,3 мың адам болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл ретте биыл 166,3 мың азаматқа төлем тағайындалып, жалпы төлем сомасы 37,8 млрд теңге болды», — делінген хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сай, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер алады. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45%-ға дейінгі мөлшерінде жүзеге асады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін сізге:
Бұл қызметті электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да онлайн алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат болған жағдайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі сіздің ұялы телефоныңызға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан проактивті тәртіпте төлем тағайындау қызметін көрсетуге келісіміңізді растайтын SMS хабарлама жібереді. Келіссеңіз, SMS хабарламаға жауап беруіңіз керек. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан беріледі және жұмыссызды жұмыс іздеп жүрген кезеңде асырауға арналған». ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: pexels
По сообщению сайта Arna Press