Стоковые изображения от Depositphotos
ҚР ІІМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2023 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану ережелері» ҚР СТ 1412-2017 ұлттық стандартына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, газ жабдығы бар көлік иелеріне арнайы белгі орнату міндеттеледі.
Газ жабдығы бар автомобильдердегі ерекше белгі – қара жиегі бар сары үшбұрыш. Оның ішінде «GAS» деп, леп белгісі көрсетілген.
Сонымен қатар бұл белгі автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде белгі оңай көрінетін және танылатындай етіп орнатылуы керек.
Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Жаңа стандарт автокөлік жүргізушілері үшін міндетті және азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне ықпал ететін жабық тұрақтарда газбен жүретін көліктерді қоюға тыйым салу тұрғысынан тиімді бақылау мүмкіндігін қарастырады.
Бұған дейін Қазақстанда газ жабдықтары бар көліктерге жерасты тұрақтарына кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Бұл тыйым өрт қауіпсіздігі ережесімен қарастырылған.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press