Популярные темы

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді

Дата: 10 января 2024 в 16:08


Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді
Стоковые изображения от Depositphotos

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді.  Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сай, 1 АЕК — 3 мың 692 теңге болып белгіленген. Алғашқы 3 баласын туғандарға 38 АЕК – яғни 140 296 теңге жәрдемақы тағайындалды. 4-ші және одан да көп бала туғандарға 63 АЕК көлемінде бірретік жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар егер егіз немесе үшем туған болса, жәрдемақы баланың әрқайсысына жеке тағайындалады.

Бұл – бір реттік жәрдемақы мөлшері. Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы да көбейген.

Әлеуметтік кодекстің 91-бабына сай, оның мөлшері мынадай: 4 балаға шамамен 59183 теңге, ал 5 балаға шамамен 74 мың теңге.

Егер отбасында 8 және одан да көп бала болса, әр балаға 4 АЕК, яғни 8 балаға 32 АЕК (118 144 теңге).

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями