Популярные темы

Абай облысының білім беру мекемелерінде қауіпсіздік 100% қамтамасыз етілген

Дата: 21 февраля 2024 в 20:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының білім беру мекемелерінде қауіпсіздік 100% қамтамасыз етілген
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының білім беру мекемелерінде қауіпсіздік 100% қамтамасыз етілген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Білім беру басқармасының ақпараты бойынша Абай облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында білім алушылардың қауіпсіздігі мен оқуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қомақты қаражат бөлінді.

«Бұл өңірдің барлық білім беру ұйымын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, 160-қа жуық білім беру ұйымдары жедел басқару орталығына қосылды» — делінген хабарламада.  

2023 жылы барлық білім беру ұйымдарын жабдықтау үшін 905,2 млн. теңге бөлінді.

«Облыстың білім беру ұйымдарында барлығы 12 324 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның ішінде мектептерде — 8882, балабақшаларда   — 1582, қосымша білім беру ұйымдарында — 271 және колледждерде — 1589. Барлық 49 мемлекеттік балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 31 балабақша жедел басқару орталығына қосылды, дабыл түймелері, турникет және лицензияланған күзетпен 100% деңгейінде қамтамасыз етілді» — деп қосты басқармада.

Сондай-ақ, облыстың 302 мектебі бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етілген. Бейнебақылау және дауыстық хабарлау жүйесін жаңарту және орнату үшін 2023 жылы 218 мектепте жергілікті бюджеттен 442 млн. теңге бөлінді. 129 мектептің 107-сі жедел басқару орталығына қосылып, түрлі оқиғаларға жедел ден қоюды қамтамасыз етеді.

Облыстың барлық 33 колледжінде 1 589 бейнекамера орнатылған, бейнебақылаумен толық қамтамасыз етілген. 29 колледждің 19-ы жедел басқару орталығына қосылған.

«28 колледж арнайы күзетпен қамтамасыз етілуге тиіс,  26 колледжде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шарт жасалған, ал қалған колледждермен шарт жасау жұмыстары жалғасуда. Колледждерде дабыл түймелері мен турникеттермен жабдықтау 100% стандарттарға сәйкес келеді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, биыл облыс аумағында орналасқан барлық жеке меншік мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарында 100%  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бойынша жұмыстар атқарылады.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями