Популярные темы

Павлодарда әкімнің ұлы соққыға жыққан оқушы қыздың анасына айыппұл салынды

Дата: 02 апреля 2024 в 13:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Павлодарда әкімнің ұлы соққыға жыққан оқушы қыздың анасына айыппұл салынды
Стоковые изображения от Depositphotos

Жақында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зардап шеккен қыздың анасына айыппұл салды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің – оқиға болған мектеп қызметкерлерінің, кәмелетке толмағандардың өздері, олардың заңды өкілдерінің айғақтарын, сондай-ақ бейнебақылау камерасынан алынған бейнені зерделей келе, сот қыздың тарапынан баланы қорлап, арандату болғаны, салдарынан агрессия туғаны туралы қорытындыға келген.

Сот үкімі бойынша, сол күні алтыншы сынып оқушысы физика сабағына бара жатқанда, оны жетінші сыныпта оқитын оқушы қыз бен оның құрбысы дәлізде күтіп алған. Қыз оның түрі, киген киімдері туралы кемсітетін сөздер айтып, оны өткізбей қойған, сонымен қатар сөмкесіндегі сусынын тартып алып, қайтармаған. Осыдан біраз уақыт бұрын ол сол мектептің төменгі сыныбында оқитын қарындасын «коротышка» деп мазақ қылған.

Нәтижесінде сот қыздың әрекетінде ұсақ бұзақылық болды деген қорытындыға келген. Анасы қызын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске салайық, бұған дейін интернетте Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі растады.

Сурет: бейнекадрдан үзінді 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями