Популярные темы

Түркістанда қызғалдақ жинаған бойжеткенге миллиондаған айппұл салынуы мүмкін

Дата: 16 апреля 2024 в 17:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркістанда қызғалдақ жинаған бойжеткенге миллиондаған айппұл салынуы мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғынына гүл тергені үшін бірнеше миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz  сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Қызыл кітапқа енген және заңмен қорғалған қызғалдақты терген студентті анықтаған.

Қыз құрып кету қаупі төніп тұрған Грейг қызғалдақтарын теріп жатқанын видеоға түсірген. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

«Ол Ұялыжар ауылдық округінде орналасқан далада Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, видеоға түсіріп, өз парақшасына жариялады. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік түрлерін алу дерегі полиция бөлімінде тіркелген. Барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деді баспасөз қызметі.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жойғаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны атап өтілді.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями