Популярные темы

Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін

Дата: 02 мая 2024 в 20:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенат кулуарында журналистер ведомствоның вице-министрінен интернетке қатысты проблемалары болған-болмағанын сұрады.

«Мен де, сіздер сияқты, байланыстағы проблемаларды байқаймын. Мен әсіресе тамақтану орындарындағы немесе ірі сауда орталықтарындағы Wi-Fi желілері сапалы емес екенін байқадым. Менің ойымша, келесі қадамымыз осы бағытта болады. Енді заң жобасы аясында біз ірі сауда орталықтарын Wi-Fi желілерімен қамтамасыз етуге міндеттейміз, олар қазірдің өзінде бар, талшықты-оптикалық байланыс орнатылды, Wi-Fi желісі салынды, енді бұл сапаны бақылаймыз. Сауда орталығында, кафеде отырғанда, жоғары сапалы интернеттің болғаны барлығына ыңғайлы болады деп ойлаймын», — деп түсіндірді вице-министр.

Сурет: depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями