Популярные темы

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дата: 17 мая 2024 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Стоковые изображения от Depositphotos

Синоптиктер Қазақстанда 18, 19 және 20 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

«Жаңбыр, күндіз ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда — 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градус цельсийге дейін шамалы көтеріледі», — дейді метеорологтар.

Сурет: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями