Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстанның үздік ауылдық мектептерінің тізіміне Абай облысы Бородулиха ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп кірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылар арасындағы ресубликалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 590 білім беру ұйымынан 1636 оқушы қатысты. Оның ішінде 191 оқушы ауыл мектептерінен. Олимпиада қорытындысы бойынша 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды және республикадағы ең үздік 14 ауыл мектебінің тізімі жасалды, оған Абай облысының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп те кірді.
Мектеп оқушылары бірнеше рет 2022-2023 және 2023-2024 оқу жылдарында облыстық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері атанды. Мектептің мақтанышы-оның түлектері: Юлия Германова, Қарақат Төлеухан және Максим Семенов, олар соңғы екі жылда жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері.
Юлия Германова өзге ұлт өкілі болса да, мемлекеттік тілді республикалық деңгейде екі мәрте асқақтатты. 2022-2023 оқу жылында ол қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының Республикалық кезеңінде 3-орынға ие болса, ал 2023-2024 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 1-дәрежелі Диплом алып, өз нәтижесін жақсартты. Сонымен қатар ол Семей қаласының Шәкәрім атындағы ректорлық грант иегері атанды.
Сондай-ақ 2024 жылы сол ауданның Жерновка орта мектебінің оқушысы Петр Фольмер ауыл мектептеріне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Астана қаласының Халықаралық университетінде оқуға грант алғанын атап өткен жөн.
Абай облысы өз оқушыларын және олардың өңірдің білім беру әлеуетін нығайтуға ықпал ететін жетістіктерін мақтан тұтады.
Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press