Стоковые изображения от Depositphotos
Арнайы рұқсат беру құжатынсыз такси болып жұмыс істеген Ақсу қаласы тұрғының ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Такси» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақсу қаласының Камзин көшесінде полицейлер 45 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген Toyota Camry маркалы автокөлік тоқтатылды.
«Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, материал сотқа жіберілді», — дейді Ақсу қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.
Мұндай жағдайда қылмыстық жаза қарастырылмаған, жеке тұлғаға 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press