Популярные темы

Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды

Дата: 15 октября 2024 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап

Бұл туралы 2024 жылғы 15 қазанда Талғар ауданы әкімдігінің хабарламасында белгілі болды.

«Талғар қаласының әкімі Күрішбеков Бахыт Куатбекович, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», — деп жазылған ресми ақпаратта.

Басқа лауазымдағы қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі пысықталуда.

Күрішбеков Талғарды 2022 жылдың жазынан бері басқарып келеді. Сайлау алдында «Аманат» партиясы Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Сурет: Facebook/Бахыт Куришбеков

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями