Стоковые изображения от Depositphotos
В пятницу, 6 декабря, в Темиртауском дворце культуры на одной сцене выступили спортсмены, музыканты, танцоры и актёры – так молодёжи города представили разнообразные секции, в которых они могут проводить своё свободное время. Презентация спортивных и творческих кружков стала завершением масштабного марафона мероприятий по борьбе с наркоманией, запущенного прокуратурой города Темиртау, при поддержке акимата, Управления полиции и партии «AMANAT».
«Все мы являемся свидетелями того, что наша молодёжь ошибается, вовлекаясь в преступную деятельность по распространению наркотических средств. Ряд подростков употребляет запрещённые вещества, а сегодняшние наркотики вызывают одномоментное привыкание. Всё это негативно сказывается на будущем наших детей. Чтобы это предотвратить, мы запустили этот марафон. Провели около 100 мероприятий, закрасили свыше 3000 граффити и привлекли больше 400 человек для участия в массовом забеге», — рассказал прокурор города Темиртау Арман Омаров.
Среди ряда мероприятий – антинаркотический челлендж. Весь месяц именитые спортсмены и руководители творческих направлений города ежедневно посещали школы города с мотивационными уроками и мастер-классами. Тренеры и педагоги совместно со своими воспитанниками рассказывали о пользе ведения здорового образа жизни и призывали не поддаваться наркотической зависимости.
«Тема наркотиков актуальна всегда и такие акции важно проводить», — считает мастер спорта по велосипедному спорту Елена Поленова. «Даже когда я была подростком, были случаи, что мои сверстники не смогли устоять перед этой пагубной привычкой. У них не было поддержки родителей, они не были увлечены определённым досугом и потеряли жизнь, можно сказать. Они не познали, что такое успех, семья, потому что стали зависимыми. А такие мероприятия помогают детям узнать больше о секциях нашего города и выбрать что-то по душе. Ведь если посвящать себя любимому делу, не появится даже мысли попробовать губительные вещества».
Помимо широкомасштабной акции «Нашақорлыққа жол жоқ» в Темиртау второй год подряд реализуется проект по профилактике наркомании. В этом году на эти цели из бюджета города выделили 4 миллиона тенге.
«В текущем году в ходе разъяснительных встреч мы охватили 24 700 учащихся школ и колледжей города. С подростами провели встречи больше 150 титулованных спортсменов и 200 работников культуры. Мы особое внимание уделяем занятости подростков. В летний период трудоустроили больше 2000 детей в рамках госпрограмм», — отметил заместитель акима города Темиртау по социальным вопросам Самат Зияшев.
В городе металлургов сегодня действуют секции по 64 видам спорта и больше 30 творческих кружков. В ходе завершающего мероприятия после просмотра презентаций молодёжь города могла сразу записаться в понравившуюся секцию и начать свой спортивный или творческий путь.
По словам организаторов акции, на этом борьба с наркоманией не заканчивается. Комплексная работа по профилактике, выявлению и предотвращению наркопреступности будет продолжаться.
Кристина Лукашева
Теміртауда нашақорлыққа қарсы марафон қорытындыланды
4 қарашадан 5 желтоқсанға дейін Теміртауда «Нашақорлыққа жол жоқ» республикалық акциясы аясында нашақорлықпен күреске бағытталған іс-шаралар марафоны өтті. Бір ай ішінде металлургтер қаласында спортшылар, шығармашылық интеллигенция және қоғамдық пікір көшбасшылары жастармен 20-дан астам кездесу өткізді, сондай-ақ есірткі жарнамалайтын граффитилерді бояу бойынша рейдтер мен жеңіл атлетикалық жүгіру ұйымдастырылды.
6 желтоқсан, жұма күні Теміртаудың мәдениет сарайында спортшылар, музыканттар, бишілер мен актерлер бір сахнада өнер көрсетті. Бұл шара қала жастарына бос уақыттарын өткізуге арналған түрлі үйірмелерді таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Спорттық және шығармашылық үйірмелердің таныстырылымы Теміртау қаласының прокуратурасы, әкімдік, полиция басқармасы және «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған нашақорлыққа қарсы ауқымды марафонның қорытындысы болды.
«Бәріміз жастарымыздың қателікке бой алдырып, есірткі заттарын таратуға байланысты қылмыстық әрекеттерге араласқанына куә болып жүрміз. Кейбір жасөспірімдер тыйым салынған заттарды тұтынады, ал қазіргі есірткілер бірден тәуелділік тудырады. Мұның бәрі балаларымыздың болашағына кері әсер етеді. Мұның алдын алу үшін біз осы марафонды ұйымдастырдық. Барлығы 100-ге жуық іс-шара өткіздік, 3000-нан астам граффитиді боядық және жаппай жүгіруге 400-ден астам адамды қатыстырдық», – деді Теміртау қаласының прокуроры Арман Омаров.
Іс-шаралардың қатарында нашақорлыққа қарсы челендж де болды. Бір ай бойы белгілі спортшылар мен шығармашылық бағыт жетекшілері күн сайын қала мектептерінде мотивациялық сабақтар мен шеберлік сабақтарын өткізді. Жаттықтырушылар мен мұғалімдер шәкірттерімен бірге салауатты өмір салтының пайдасы туралы айтып, есірткіге тәуелділікке бой алдырмауға шақырды.
«Есірткі тақырыбы әрдайым өзекті, сондықтан мұндай акцияларды өткізу маңызды», – дейді велосипед спортынан спорт шебері Елена Поленова. «Мен жасөспірім болғанда, менің құрдастарымның кейбірі осы зиянды әдеттен бас тарта алмай қалған кездер болды. Олардың ата-аналарының қолдауы болмады, олар белгілі бір іспен айналыспағандықтан өмірден айырылды деуге болады. Олар табыс пен отбасын көрмей, тәуелді болып қалды. Ал мұндай іс-шаралар балаларға біздің қаладағы үйірмелер туралы көбірек білуге және өздеріне ұнайтын бір нәрсені таңдауға көмектеседі. Егер адам сүйікті ісімен айналысса, зиянды заттарды қолдану туралы ой да туындамайды».
«Нашақорлыққа жол жоқ» кең ауқымды акциясымен қатар, Теміртауда нашақорлықтың алдын алу жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Биыл бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 4 миллион теңге бөлінді.
«Биылғы жылы түсіндіру кездесулері барысында қала мектептері мен колледждерінің 24 700 оқушысы қамтылды. Жасөспірімдермен 150-ден астам атақты спортшы және 200 мәдениет қызметкері кездесті. Біз жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға ерекше назар аударамыз. Жаз мезгілінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 2000-нан астам баланы жұмыспен қамтыдық», – деді Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Самат Зияшев.
Металлургтер қаласында бүгінгі таңда 64 спорт түрінен секциялар және 30-дан астам шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Қорытынды іс-шара барысында презентациялардан кейін қала жастары ұнатқан секцияларға бірден жазылып, спорттық немесе шығармашылық жолын бастай алды.
Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, нашақорлыққа қарсы күрес мұнымен аяқталмайды. Алдын алу, анықтау және есірткі қылмыстарын болдырмау бойынша кешенді жұмыс жалғасады.
Кристина Лукашева
По сообщению сайта EKaraganda.kz