Популярные темы

Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан кәмлетке толмағандарды «түзету мектебіне» жіберді

Дата: 25 февраля 2025 в 21:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан кәмлетке толмағандарды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, онда 22 ақпанда жасөспірімдердің қатысуымен орын алған оқиға қаралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қарау қорытындысы бойынша барлық оқиғаға қатысушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды».

Бұл шешімнің мақсаты — түзету жұмыстары мен психологтармен уақытша оқшаулау жағдайында жұмыс жүргізу.

«Отбасылық ортаға ерекше назар аударылды. Үш ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру және екі балаға қатысты қамқоршылықты тоқтату туралы шешім қабылданды», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Материалдар әрі қарай қаралу үшін сотқа берілді. Кәмелетке толмағандар арнайы мектепте қанша уақыт болатынын сот шешеді.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями