Стоковые изображения от Depositphotos
Семей қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі 2021 жылғы 20 қаңтардан бастап енгізілді, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н. Омаровтың айтуынша, барлық қалалық автобустар валидаторлармен, QR кодтармен жабдықталған.
«Электрондық билет жүйесі — бұл ең алдымен ашықтық, жолаушылар ағынын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді, — дейді бөлім басшысының орынбасары.
Жол жүру ақысын көлік карталары, «Аvtobys» мобильдік қосымшасы арқылы және қолма-қол ақшамен төлеуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласында 4 түрлі төлеу карталары қарастырылған. Олардың арасында жеңілдетілген және тегін жол жүруге арналған карталар бар.
Фото: Аrnapress.kz
По сообщению сайта Arna Press