Популярные темы

Абай облысында «Өнерім саған — Туған ел» атты шығармашылық кеш өтті

Дата: 23 февраля 2023 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде күйші Айбек Бекбосынның «Өнерім саған — Туған ел» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Салтанатты кешті белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың сүйемелдеуімен «Бибігүл» халық аспаптар оркестрі мен Айбек Бекбосын ашты.

Музыкалық кеште танымал «Әлқиса» мен «Күй тартыспен» қоса, белгілі спортшы, бірнеше дүркін «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаровқа арнап шығарған «Айбарыс» күйі де орындалды.

Халық алдында осы өңірдің тумасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен Секен Тұрысбеков, Дәулеткерей Кәпұлы, Нұркен Әшіров, Данияр Байжұманов өнер көрсетті.

Айта кетерлігі, Роза Қуанышқызы Айбек Бекбосын оның шәкірті екенін және оны мақтан тұтатынын айтты.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями