Стоковые изображения от Depositphotos
2023 жылы 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда сайтында.
Заң мақсаты — жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру болып табылады.
Сондай-ақ аталған заң жобасын қабылдау тұрғындар мен бизнес-құрылымдарының жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жер қатынастары және қала құрылысы саласында жемқорлық тәуекелдерді төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша қосарланған процестерді алып тастауға мүмкіндік береді.
Республикалық маңызы бар қалалар, Астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде ғана электрондық форматта жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданды.
Бұл ретте жерге тиісті құқық беру Қазақстан Республикасының жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларынан және мемлекеттік органдардың өзге мәліметтерінен алынатын цифрлық ақпаратты көрсететін жария кадастрлық карта арқылы «электрондық үкімет» веб-порталында жүзеге асырылатын болады.
Бұл ретте кенттің, ауылдың және ауылдық округтің жері үшін және жердің қалған санаттары бойынша жер заңнамасында регламенттелген жер берудің қолданыстағы тәртібі сақталады.
Тұрғындар мен бизнес-құрылымдарының инфрақұрылымның жәй-күйі, қуатты (электр-жылу-сумен жабдықтауды) брондау мүмкіндігі, табиғи монополия субъектілері желілеріне қосылуға техникалық шарт беру мерзімін қысқарту туралы өзекті және сенімді ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында да табиғи монополия субъектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесіне ақпараттар беруді міндеттеу ұсынылады.
По сообщению сайта Arna Press