Популярные темы

Сарапшы су ресурстарын тиімдірек пайдалану үшін жаңа технологияларды енгізуді ұсынды

Дата: 24 апреля 2023 в 20:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Сарапшы су ресурстарын тиімдірек пайдалану үшін  жаңа технологияларды енгізуді ұсынды
Стоковые изображения от Depositphotos

Су тапшылығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең өткір экологиялық мәселелердің бірі. Жыл өткен сайын жағдай қиындап, ел билігі бұл мәселемен күресу үшін түрлі шараларды қолға алуда.

Дүниежүзілік банк деректерінде Қазақстанда су ресурстарының шамамен 60%-ы ірі өзендер орналасқан елдің батыс Іле, Ертіс және т.б. бөлігінде екенін көрсетеді. Дегенмен, Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, жалпы елде жыл сайын халық пен экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін шамамен 4 миллиард текше метр су жетіспейді.

Сондай-ақ, ауыз судың 60%-ға жуығы қалаларға еліміздің басқа аймақтарынан жеткізіледі. Ал, 2050 жылға қарай Қазақстан «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Тіпті, Астанада су тапшылығы жағдайы байқалады.

Астанадағы су тапшылығының басты себептерінің бірі – жауын-шашынның жеткіліксіздігі. Қаланың құрғақ климаты және жауын-шашынның аз болуы оны сумен қамтамасыз ету мәселелеріне әсіресе осал етеді. Сонымен қатар, су ресурстарын ұтымсыз пайдалану проблемасы бар, бұл олардың сарқылуына әкеледі.

Тағы бір себебі – өңір халқының саны мен экономикасының өсуі. Жыл сайын қалада жаңа тұрғындар мен кәсіпорындар пайда болып, суға деген қажеттілікті арттырады. Бұл халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін су тапшылығына әкеледі.

«Қазақстанда су тапшылығы күннен-күнге ушығып барады және бұл ел экономикасы мен экожүйесі үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Статистикаға сүйенсек Қазақстанның 2030 жылға қарай су көлемі жылына 90-нан 76 км³-ге дейін азаю мүмкін. Қазіргі уақыттың өзінде бұл өте үлкен мәселе болып тұр. Шешу жолдарын әлі де қарастыруда. Су мәселесін шешу үшін жаңбыр және жер асты сулары сияқты қолда бар су ресурстарын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды енгізу қажет. Бірақ өзіміз үнемдемесек технологиялардың ешқандай пайдасы болмайды», — деді Қазақстанның су шаруашылығы және мелиорация саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын маман Тимур Бекболат.

Жалпы Қазақстандағы су тапшылығы проблемасы өзекті күйінде қалады және одан әрі назар мен күш салуды талап етеді. Су тапшылығы мәселесімен күресу үшін түрлі шараларды қолға алуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа су қоймаларын, канал жүйелерін және басқа да сумен жабдықтау нысандарын салуға қаржы бөлінді. Үнемшіл болмасақ, таза су беретін жаңа нысандарды іске қосқанмен, тапшылықты жоя алмаймыз», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық жөніндегі даму мәселелер кеңесінде.

Мадина МҰХТАРОВА

Сурет: turanpress.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями