Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгінгі күні облыс 91,9% орталықтандырылған сумен жабдықталған. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Аталған көрсеткішке жету үшін 32 жобаны іске асыру көзделген. Алайда, бүгінгі күні әлі де өмір нәріне мұқтаж 50 мыңға жуық облыс тұрғыны бар. Олардың қатарында Семей қаласының тұрғындары мен ауылдағы ағайын.
Өткен жылдың сонында «ақ жағалылар» Водный кентінің тұрғындары, биыл орталықтандырылған су жүйесіне қол жеткізеді деп еді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Энергетика және ТҮКШ басқармасының сумен жабдықтау бөлімінің басшысы Құралай Дүйсембаеваның айтуынша, қазіргі уақытта құжаттар дайындау рәсімі жүргізілуде. Дегенмен, биыл бұл жұмыстар аяқталмайды.
«Сумен қамту үшін Восход, Водный кенттері бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасалынған. Мердігермен келісім шартқа отырдық. Бюджеттен қаражат қарастырылды. Жұмыстар осы жылы басталады. Аяқталу келесі жылға жоспарланған», – деп айтты Құралай Дүйсембаева.
Бөлім басшысы Arnapress.kz тілшісіне хабарлағандай, су тарту жұмыстары шамамен жаз мезгілінде басталады.
Сондай-ақ, облыста су құбыры желілерінің орташа тозуы 51% құрап отыр. Оларды ретке келтіру үшін бюджеттен 4,6 млдр тенге қарастырылған.
re-st.ru
По сообщению сайта Arna Press