Популярные темы

Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

Дата: 27 апреля 2023 в 14:38


Абай облысының тұрғыны 100 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған
Стоковые изображения от Depositphotos

Көкпекті ауданынан Семей қаласына 100 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған облыс тұрғыны ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 сәуір күні  «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс — шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері  «Алматы – Өскемен» тасжолының 912 шақырымында Абай облысының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы TOYOTA автокөлігін  тоқтатады.

Тексеру барысында  көлік жүк салғышынан арнайы рұқсат ету құжаттары жоқ 2 мөшек пен 7 полиэтилен пакетке салынған 100 келіден астам әртүрлі мұздатылған балық табылған, — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта жиналған материал Абай облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями