Стоковые изображения от Depositphotos
Астанада құрылыс алаңында мұнара кранының құлауы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін оқыс оқиғадан ер адам зардап шеккені хабарланған болатын. Жәбірленушінің туысы Алена Юцевичтің айтуынша, ер адамның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
«Ол ауруханада, жағдайы тұрақты, бірақ дәрігерлер әзірге ешқандай болжам жасамай отыр. Ол өте әлсіз, үнемі ауырсынуды басатын дәрілер қабылдап жатыр. Қазір әйелі бірге палатада жатыр, оған көмектеседі. Палатаны жұмыс беруші төледі. Мұнара кранының иесі мен оның мердігерлері әлі ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Қылмыстық іс ашылды», — деді Юцевич тілшіге.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press